Блоктардан құралған қабырғаларды орнату принциптері.

WilliGrafGmbH / ТЕХНОЛОГИЯ

Қабырғаларды тұрғызу жиектердің үстіңгі және астыңғы бөліктерінде орналасқан құлыптардың тығыз бірігуі үшін, блок жиектерін жеңіл қысып, бір-бірінің үстіне қою арқылы жүзеге асырылады. Көбікполистирол элементтерін төсеу көлденең негізде немесе алдыңғы қабаттың бетондалған аражабынында басталады. Іргетастағы көлденең оқшаулауды мастикадағы немесе пластикалық үлдірдегі екі қабатты рубероидтан жасауға болады. Сейсмикалық аудандарда бетондық дайындыққа (бетондық дайындықтың қалыңдығы жоба бойынша берілуі тиіс).
Көбікполистирол блоктарының бірінші қабаты көлденең іргетастың оқшаулауына тікелей төселеді (сейсмикалық аудандарда бетон дайындау үшін). Бірінші қабатты төсеу кезінде тұтас қабаттың сәулеті қалыптасады, сондықтан блоктарды айқын және дұрыс төсеу ғана емес, сондай-ақ барлық бітеуіштерді тағайындалуы бойынша пайдалнудың маңызы зор (бүйір шеттік блоктар немесе зауыттық бітеуіштер болмаған жағдайда, бітеуіштерді 25МНОС қатарлық блоктардан ойып алуға болады).
Блоктардың екінші қабаты бірінші қабаттың тік жіктерін кірпіш қалау (таңғышпен) принципі бойынша жауып тұруы тиіс, бұл құрылымның пішінін қатаң бекітуге мүмкіндік береді.
Үшінші қабат - блок қабаттарын кірпіштің тік тігістерімен теңестіруге арналған бақылау қабаты. Қабырғалардың өлшемдерін және олардың осьтік дәлдігін жобамен салыстырған соң, (кесілген) немесе дайын бітеуіштердің көмегімен олардың бұрыштық қабырғаларда және есік-терезелердің ойықтарында қосылған жерінде пайда болған барлық бүйірлік тесіктерді (шеткі блоктар болмаған кезде) бітеу керек. Енді арматураны төсеуге және блоктардың алғашқы екі қабатын, содан кейін келесі қабатын бетондауға кірісуге болады.
Жеке құрылыс кезінде тікелей құрылыс алаңында дайындалған бетонмен (немесе бетон массасымен) блоктардың екі-үш қабатын бетондаған жөн. Бетон маркасы жобаға сәйкес келуі тиіс. Көбікполистирол блоктарының екі қабатын бетондау кезінде, қабырғаның жоғарғы шеті бетон қабаттарының байланысы блоктардың осы циклінде бетон қабаттарының тартпасы рөлін орындайтын толтырылмаған қабаттан тұруы керек.
Құлыптарға бетон массасы түспеуі үшін, блоктардың осы қатарының жоғарғы жиегін қорғау керек (мысалы, шұңқыр немесе дайын түзеткіш деп аталатын шатыр болатының иілген табағы). Түзеткіштерді бірнеше рет қолдануға болады. Бетондау барысында қабырғалардың тік сызықтығын және жоғарғы жиектің өсіне қатысты орналасуын үнемі бақылауға алу қажет.
Көп қабатты үй құрылысы кезінде, бетон шығынын сағатына 10-15 м3 көлемінен аспайтын етіп реттей отырып (егер массаның консистенциясы илемді болса!), көбікполистирол блоктарын бетон сорғының көмегімен бетон массасымен толтыру ыңғайлы. Бетон ағыны алдымен ғимараттың бұрыштарына және тесіктердің шетіне, содан кейін қабырға қуысының ортаңғы бөлігіне бағытталуы керек. Бетон массасын тығыздау үшін кішкентай (ине тәрізді) вибраторларды немесе түйреу әдісін қолдану керек.
Қабырғаларды қабаттармен бетондау жағдайында, әрбір келесі қабат алдыңғы қабатты салғаннан кейін 6 сағаттан кешіктірілмей төселуі керек. Олай болмаған жағдайда, қабаттардың берік қосылуы үшін қатайтылған бетонның бетінен әйнектелген цемент сүтінің қабатын алып тастау керек, содан кейін келесі қабатты төсер алдында, бетті тазалап, ылғалдандыру керек. Сонымен қатар, қабаттап салынған қабырғаның қажетті беріктігін қамтамасыз ету үшін, бетонның кезекті қабаттарының беттерін тегістеуге болмайды.
Сыртқы және ішкі жүк көтергіш қабырғалардың жіктерін, сондай-ақ ғимараттың бұрыштарын жобалауға ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін көлденеңділікті сақтау, арматуралау және бетон құю мақсатында, кейбір MНОС блоктарының бүйір қабырғаларынан және басқа блоктардың бүйір шеттерінен фрагменттерді ойып алу қажет. Негізгі қабырғалардан шығатын бүйірлік жүк көтергіш фрагменттер болат арматураның көмегімен негізгі қабырғалардың бетонымен қосылады.
Тұмшалап бекітілген көбікполистирол артық судың ағуын шектейтіндіктен, оның бетон қоспасындағы құрамын бақылау керек. Қажет болған жағдайда, бетонға пластификаторларды қосу арқылы бетонның тұтқыр, бірақ пластикалық консистенциясын жеңілдетуге болады. Егер сіз технология бойынша жертөленің немесе көмбенің қабырғаларын салуды жоспарласаңыз, оларды топырақтың бүйірлік қысымынан қорғау керек. Бұл мәселе бойынша егжей-тегжей ақпарат ғимараттың техникалық жобасында қамтылуы тиіс. Жертөлелер мен көмбелердің қабырғаларын сыртқы гидрооқшаулау, әдетте, дәстүрлі тәсілде, сондай-ақ кірпіштен қабырға қалау кезінде жүзеге асырылады. 

Технология бойынша құрылыс кезінде алынған қабырғалардың негізгі параметрлері.

WilliGrafGmbH / ТЕХНОЛОГИЯ

Құрылыс кезінде технология бойынша алынатын қабырғалардың негізгі параметрлері.
Қабырғалардың қалыңдығы - 25 см (оның ішінде 10 см - пенополистирол, 15 см - бетон), 30МНОС серияларында қабырға - 30 см (оның ішінде 15 см - пенополистирол, 15 см - бетон).
Сыртқы және ішкі сылақсыз қабырғалардың салмағы - 280-300 кг/м².
Бетон шығысы - шамамен 100 л/м² қабырға.
Қабырғалардың жылу беруінің келтірілген коэффициенті α = 0,039-0,041 Вт/м²*С.
Қабырғаның отқа төзімділік шегі - 2,5 сағат.
Бу өткізгіштігі 4/100 по DIN 9108.
Дұрыс конструкциялық шешім жасау мен пайдалану кезінде қабырғада конденсацияның болмауы.
Акустикалық оқшаулау - 46 дб.
Биіктігі 15 м дейінгі объектілер үшін рұқсат (ҚазҚСҒЗИ қорытындысы). 

«Вилли Граф ГмбХ» ЖШС өндірген көбікполистиролды плиталарды орнату мен монтаждау.

WilliGrafGmbH / ТЕХНОЛОГИЯ

1. Қабырғаны дайындау
Қабырғаны бетон, ерітінді және шаң ағындарынан тазалаңыз. Оны астармен тегістеп сырлаңыз, бұл негіздің желім ылғалын сіңіріп алуына жол бермейді. Жұмысты жалғастырар алдында, астарды кептіріп алыңыз. Қабырғадағы үлкен айырмашылықтар мен ойықтарды желіммен немесе цемент-құм ерітіндісімен тегістеңіз.
2. Іргеқабат тақтайшасы
Белгі соғыңыз және іргеқабат тақтайшасы нығайтылатын биіктікті баумен соққылаңыз. Тақтайшаны қабырғаға 1 метр ұзындыққа 3 дана етіп бекітіңіз. Тақтайшаның көлденеңділігін деңгеймен бақылаңыз. Іргеқабаттың тесілген тақтайшасын бекіту көбікполистирол плиталарының астыңғы қабатын орнату және плитаның астыңғы жиегін жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау үшін қажет. Іргеқабат тақтайшасы көбікполистирол плиталардың өлшеміне қарай іріктелуі тиіс.
3. Көбікполистирол плиталарын орнату және бекіту
Көбікполистирол плиталар қабырғалардың негізіне желіммен және тақтайшалармен бекітіледі.
Электр бұрғысы мен араластырғыш қондырманың көмегімен қатаң белгіленген мөлшерде желімді біркелкі және пластикалық массаға жеткенше сумен араластырыңыз. Процедураны нұсқаулыққа дәл сәйкестікте орындаңыз. Қабырғаға көбікполистирол плиталарын орнату үшін, шетінен 2-3 см қашықтықта плитаның периметрі бойынша желімді жолақ етіп және плитаның қысқа жағынан екі немесе үш көлденең тік жолақ етіп жағыңыз. Жағылған жерлердің өлшемдері 10 см-ден аспауы тиіс. Плиталар ұзын жиек етіп іргеқабырға тақтайшасына орнатылып, қабырғаға мықтап бекітіледі. Плиталардың көлденең және тік бетін деңгеймен бақылау қажет. Плиталарды орнату ғимараттың төменгі бұрышынан басталады. Келесі қатарларды орнатқан кезде, түйісу жіктерінің, бұрыштары мен аражабындарының қабаттасуын қадағалаңыз (яғни, кірпіш қалау жүйесі). Терезелердің немесе есік ойықтарының үстіне плиталарды орнатқан кезде, ойықтардың үстіңгі және астыңғы бұрыштарының үстіндегі жіктерді болдырмау керек. Плиталарды кесу ағаш арамен немесе ұзын өткір пышақпен жүргізіледі.
Ағаш, пластик және темір сияқты құрылыстың басқа бөліктерімен плиталардың қосылған жерлерінде ажырау мен сызаттардың болмауы үшін, құрамдастырылған нығыздауыш таспа қойылады. Ені бойынша қашықтығы 1 см астам плиталардың арасындағы жіктер мен жапсарлар монтаждау көбігімен толтырылады. Желім ерітіндісі кепкен соң, кемінде 1 күн плитаның тік және көлденең бетін бақылаңыз, тегіс бетке ие болу үшін, шығыңқы бұрыштарды тегістеп, монтаждау көбігінің қалдықтарын кесіп алып тастаңыз. Плиталарды тәрелке тәріздес плиталармен нығайту қабырға негізінің жағдайына байланысты. Жаңа ғимараттар мен құрылыстар үшін шаршы метрге 2-ден 4 данаға дейін, ал ескі ғимараттар мен құрылыстар үшін шаршы метрге 6-дан 8 метрге дейін. Саңылаудың ұзындығы тәрелке тәріздес дюбельдің ұзындығынан біршама ұзындау болуы үшін, плита арқылы қабырғаның негізінен саңылау бұрғылаңыз.
Қабырғаның (негізіне (бетон, кірпіш және т.б.) дюбельді аздап 25 мм тереңдету керек. Саңылауға дюбельдің тәрелке тәрізді негізіне салып, оған діңгекті қағыңыз, плитаның үстінен дюбельді туралаңыз.
4. Терезелік және торы бар бұрыштық профильді орнату
Профильдің теріс жағындағы жабысқақ таспаны алып тастап, терезе мен көбікполистирол плитасының арасына ылғалдың енуіне жол бермейтін және жарықтардың деформациясынан қорғайтын торы бар терезе профилін жабыстырыңыз. Көбікполистирол плиталармен оқшауланған терезе, есік және ғимараттардың басқа бұрыштарына тормен бұрыштық байланыс профилін орнатыңыз. Плиталармен желім жағыңыз, бұрыштық түйісу профилін орнатыңыз және бұрышқа жұқа қабатты қолдана отырып, бұрыштық түйісу профилін жабыстырыңыз және деңгейді қолдана отырып, бұрыштың тік сызықтылығын анықтаңыз. Терезелердің және мен есік ойықтарының үстіндегі бұрыштарды нығайту үшін, бұрышқа 20х20 см өлшемді шыны мата торының бөліктерін жабыстырыңыз, осылайша бұрышқа берілетін деформациялық жүктемелерге жол берілмейді.
5.Арматураланатын шынымата торы бар желім-сылақ қабатын жағу
Біртекті пластикалық массаға жеткенше желімді араластырыңыз және жылу оқшаулағыш табақтың бетіне ені арматуралық тордың еніне тең желім қабатын жағыңыз. Арматуралық торды желімге жағып, оны ортасынан жанына қарай жүйелі қозғалыстармен металл үккішпен тегістеңіз. Жұмысты тік немесе көлденең бағытта жүргізуге болады. Тордың түйіскен жерлерінде қабаттасу кемінде 10 см болуы тиіс. Қалақпен тордың үстіне желімнің басқа қабатын жағып тегістеңіз. Жағылған желім мен арматуралық тордың жалпы қалыңдығы 5-8 мм аралығында болуы тиіс. Арматуралық тор сылақ қабатының сыртқы бөлігіне бейім төселуі тиіс. Механикалық зақымданудан қосымша қорғану үшін қасбеттің төменгі бөлігін биіктігі 1-1,50 м-ге дейін арматуралаушы торымен күшейтіп, жапсарларды қабаттастырмай төсейді.
6. Сәндік сылақ
Сәндік сылақты қатаң белгіленген мөлшерде сумен араластырыңыз, ыдыс пен су мүлдем таза болуы тиіс. Біртекті массаға қол жеткізіп, 10-15 минутқа дейін қалдыра тұрыңыз. Содан кейін қайтадан араластырыңыз, қоспа қабырғаға жағуға дайын болады. Ғимараттың қабырғасы бойымен түсе отырып, сәндік сылақты жоғарыдан төменге қарай қолданған жөн. Қоспаны металл үккішпен ені 1 м-ге дейінгі қысқа жолдармен, ғимараттың қабырғасы бойлап төмен қарай түсе отырып, жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен жағыңыз. Қоспаны металл үккішпен ені 1 м-ге дейінгі қысқа жолдармен, жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен жағыңыз. Жағылған қабаттың төменгі жиегінің қатаюына жол бермей, тез арада келесі жолды жағыңыз. Жағылған қабаттың кебу уақыты 15 минутан 20 минутқа дейін. Қоспаны жағу барысында өндіруші ұсынған қажетті құрылымды тегістеңіз және жоғары-төмен шеңберлік қозғалыстармен тегістеп, дайындаушы-зауыт ұсынған тиісті құрылымды жасаңыз. Жұмыс үшін пластикалық үккішті қолданыңыз. Сіз тез және ширақ қозғалуыңыз керек, өйткені материалдың қатаю уақыты өте қысқа. Есіңізде болсын, материал құрғап қалған жағдайда, сіз қасбеттің қажетті құрылымы мен сыртқы түрін ала алмайсыз. 

Байланыстар

Телефон

Дс - Жм 09:00 - 18:00

Мекен жайы

ул. Мадели Кожа 73
г. Шымкент


Байланыстар

Email: grafteplo@mail.ru 
Тел. : 8(7252) 53-28-31
             +7 702 680-90-18
             +7 777 409-77-88