EPS - жылу плитасы

WilliGrafGmbH / КАТАЛОГ

EPS - жылу плитасы Германия мен Батыс Еуропадағы ғимараттарды оқшаулау үшін кеңінен қолданылатын, көбікполистиролдан жасалған заманауи жылу оқшаулағыш өнім.
«Вилли Граф ГмбХ» ЖШС өндірген EPS - жылу плитасы «BASF AG» жетекші еуропалық химиялық компанияның шикізатынан, «KURTZ» концернінің неміс жабдығында және неміс технологиясы бойынша дайындалады. Көбікполистирол - бұл тексерілген, қолдануға рұқсат етілген, зиянсыз жылу оқшаулағыш материал.
EPS - жылу плитасы өзін қабырғалар, іргетастар, жертөлелер, төбелер, шатырлар, балкондар мен лоджиялар, тоңазытқыш камералар мен қоймалардың сенімді жылу қорғанышы ретінде көрсете білді. Оңай өңделеді және бағасы қолжетімді. Оны пайдалану ғимараттарды жылытуға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтады. Дәлелденген экономикалық тиімділігі – энергия тасымалдағыштың 64%-ынан бастап.
«Ойық - тарақ» етіп жасалған жылу EPS плитасы монтаждау процесін жылдамдатады, басқышы мен шығыңқы жерлері жоқ тегіс беткейді қамтамасыз етеді. Плиталарды орнату кезінде ыңғайлы болу үшін, олардың бір жағында таңбалау жүргізілген. Жылу плиталарын қолдану қабырғаларды жұқа етуге, кірпішті, шлак блогын және басқа құрылыс материалдарын үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені EPS - жылу плитасының төмен жылу өткізгіштігі (0,035 - 0,40 вт/м*К) қалыңдығы 2,5 кірпіштің кірпіш қалау қасиеттеріне сәйкес келеді. 

Жылу оқшаулағыш қалыптаушы қабырға блоктары (алынбайтын қалыптар)

WilliGrafGmbH / КАТАЛОГ

Алынбайтын көбікполистирол әр түрлі мақсаттар мен қабаттықтағы монолиттік ғимараттарды тез салуға арналған.
Оқшаулағыш қалыпталған қабырға блоктары, арнайы құлыптың рөлін атқаратын арнайы ойық-тарақ жүйесіне орай, бір-біріне оңай және сенімді түрде байланысады, оларды қатар етіп төсеу кезінде, көбікполистиролдік қабырғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бос қуысы арматураланып, бетонмен толтырылады. Нәтижесінде екі жағынан көбікполистиролмен жабылған монолиттік темірбетон қабырға пайда болады. Мұндай монолитті қабырға аз салмақта объектілерді сенімді антисейсмикалық қасиеттермен қамтамасыз етеді. Қабырғалардың ішкі беттері сыланған немесе гипсокартонмен қапталған, сыртқы беттері сыланған немесе қапталған болып келеді. Осылайша, қабырғаларды салу процесі жеңілдетіледі және үш кезеңнен тұрады: 
1. Алынбайтын қалып блоктарынан тұратын қабырғаны қолданыстағы іргетасқа орнату.
2. Арматураны қалыптың ішіне төсеу.
3. Көбікполистирол жылу оқшаулағыш блоктардың ішкі қуысын бетонмен толтыру. 

Алынбайтын қалыптар

Жылу оқшаулағыш қалыптаушы қабырға блогы (1200х250х250 мм) қабырғалардың қалыңдығы (50х50 мм)

Бірлік бағасы/теңге 1300 ₸

Бір бүйір шетінен жабылған жылу оқшаулағыш қалыптаушы қабырға блогы (1200х250х250 мм) қабырғалардың қалыңдығы (50х50 мм)

Бірлік бағасы/теңге 1350 ₸

Жылу оқшаулағыш қалыптаушы қабырға блогы (1200х300х250 мм) қабырғалардың қалыңдығы (50х100 мм)

Бірлік бағасы/теңге 1580 ₸

Жылу оқшаулағыш жалғастырғыш (1200х250х250 мм) қабырғалардың қалыңдығы (50х50 мм)

Бірлік бағасы/теңге 1250 ₸

Аражабын бүйір шетінің жылу оқшаулағыш бітеуіші (1200х250х250 мм) қабырғалардың қалыңдығы (50 мм)

Бірлік бағасы/теңге 950 ₸

Байланыстар

Телефон

Дс - Жм 09:00 - 18:00

Мекен жайы

ул. Мадели Кожа 73
г. Шымкент


Байланыстар

Email: grafteplo@mail.ru 
Тел. : 8(7252) 53-28-31
             +7 702 680-90-18
             +7 777 409-77-88