Simple Bootstrap Theme

Willi Graf GmbH

ЖШС «Вилли Граф ГмбХ»

WilliGrafGmbH / КОМПАНИЯ

«Вилли Граф ГмбХ» ЖШС Қазақстан нарығында 2012 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Компанияның құрылтайшысы - Германиядан келген кәсіпкер Вилли Граф. Негізгі қызмет түрі көбікполистиролдан құрылыс жылу оқшаулағыш өнімдерін шығару болып табылады.
«Вилли Граф ГмбХ» ЖШС ең заманауи жабдықтармен қамтылған өндірістік қуаттарға ие. Зауыт 2 га жуық аумақта орналасқан, өндірістік цехтардың ауданы 1200 ш.м., қойма үй-жайларының ауданы 1500 ш. м. астам.
Өнім танымал «KURTZ» концернінің станоктарында, неміс технологиясы бойынша және жетекші «BASF AG» химиялық компаниясының шикізатынан шығарылады. Барлық персонал Германиядан келген нұсқаушылардың жетекшілігімен оқытудан өтті. Өнім сәйкестік сертификатына ие, компания шығарылатын өнімнің сапасына кепілдік береді. 

WilliGrafGmbH / КОМПАНИЯ

Құрылыстық көбікполистирол

Көбікполистирол тексерілген, қолдануға рұқсат етілген, үнемді және зиянсыз жылу оқшаулағыш материал болып табылады. Көбікполистирол ішкі құрылымына байланысты өте төмен жылу өткізгіштікке ие, жылжымайтын ауаның жылу өткізгіштігіне жақын, судың сіңуі өте төмен (тіпті суға толық батырылған кезде де), шірімейді, сондықтан ұзаққа шыдамды болып келеді. Көбікполистиролдың барлық маркаларының құрамында антипирен бар, мұның өзі көбікполистиролдан жасалған бұйымдары өртке қауіпсіз етеді, көбікполистиролға өздігінен сөну қасиетін береді. Көбікполистирол – өзіне-өзі өртсөндіргіш. Көбікполистирол экологиялық таза болып келеді. Көбікполистиролдан жасалған құрылыс өнімдері зиянды заттар шығармайды, көптеген қышқылдарға, сілтілерге және буға инертті. Көбікполистиролдың тұзды ерітінділерге, әкке, цементке, теңіз суына жоғары төзімділігі дәлелденген. Көбікполистиролды микроорганизмдер сіңірмейді және саңырауқұлақтар мен зеңдер үшін қоректік орта құрамайды, ал мұның өзі ұзаққа шыдамдылық факторы болып келеді. Көбікполистирол әр түрлі климаттық жағдайларда одан жасалған бұйымдарды пайдалану кезінде техникалық сипаттамалардың тұрақтылығымен ерекшенеді. Құрылыста оны қолдану тиімділігі Батыс Еуропа елдерінің тәжірибесімен дәлелденді.

Байланыстар

Телефон

Дс - Жм 09:00 - 18:00

Мекен жайы

ул. Мадели Кожа 73
г. Шымкент


Байланыстар

Email: grafteplo@mail.ru 
Тел. : 8(7252) 53-28-31
             +7 702 680-90-18
             +7 777 409-77-88